24 наурыз күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының отырысы өтті. Жиында Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне өткен 84 депутаттың аты аталды.
Жаңа сайланған халық қалаулыларының қатарында Оңтүстік Қазақстан облысынан 6 азамат бар.
Олар:
Ержан Құдайберген, облыстық мәслихаттың хатшысы;
Байділдә Жылқышиев, облыс әкімі аппаратының басшысы;
Фахриддин Қаратаев, «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы;
Уәлихан Қайназаров, Сайрам ауданының әкімі;
Сәкен Қаныбеков, облыс әкімінің орынбасары;
Берік Оспанов, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары.
Ал «Ақ жол» демократиялық партиясынан 7 депутат, Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан тағы 7 депутат мәжілістегі жылы орнына жайғасты. Дегенмен, бұл екі саяси ұйымнан төменгі палатаға өткен Оңтүстік азаматтары жоқ болып шықты.