Шекара маңынан снаряд табылды

181
Снаряд

Оңтүстік Қазақстан полицейлері шекара аумағынан табылған оқ-дәріні залалсыздандырды. Қазығұрт аудандық ішкі істер бөліміне бұрынғы әскери полигон аумағынан ұзындығы 30 см болатын оқ-дәрінің табылғаны туралы хабар келіп түскен.

СнарядОқиға орнына жедел барған полиция қызметкерлері Турбат шекара заставасының шекарашылары гранатометтің оғына ұқсас снаряд тапқанын анықтайды.

Полицейлер қауіпті аймақты қоршап, жарылғыш заттың күшін жойып, залалсыздандырды. Аталған жайт бойынша қылмысты іс қозғалды. Тексеру жұмыстары жүрзілуде.