Шымкент қаласының полицейлері бейне-бақылау камераларының көмегімен жыл басынан бері 67 қылмыс және 13 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық дерегін әшкереледі. Қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығы 2006 жылы іске қосылып, қоғамдық тәртіп пен облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында түрлі басқарма, бөлімдерімен бірлесе жұмыс атқарып келе жатқанына 10 жыл толып отыр.
Бүгінгі таңда көп деңгейлі залдар, соңғы компьютерлік техгнологиялар, сыртқы бейнебақылау камералары және басқа да техникалық құрылғылар — жедел басқару орталығының еншісінде. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы бойынша 242 сыртқы бейнебақылау камерасы орнатылған. Оларды жедел бақылау орталығының мамандары бақылап, басқарып отырады.
Заманауи талаптарға сай бұл камералардың 220-сы 360 градусты қамтып, айнала алады. Кезекшілер полицейлермен тығыз байланыста отырады. Орын алған қылмыстар және құқық бұзушылықтарды, іздеуде жүрген күдіктілерді және басқа да жедел ақпараттарды полицейлерге хабарлап отырады.
Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша жол-патрульдік полициясы полкінің 17 стационарлық бекеті жұмыс атқарады. Олар да жедел басқару орталығымен біріктірілген 120 сыртқы бейнебақылау камерасын қадағалап отырады.
2016 жылдың басынан бері сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен қоғамдық орындарда жасалған 67-ге жуық қылмыс анықталды. Оның ішінде 37 бөтеннің мүлкін ұрлау, 5 тонау, 4 бұзақылық, 3 автокөлік ұрлығы және оннан астам басқа да қылмыстар бар.
Сондай-ақ 13616 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде 548 ұсақ бұзақалық, 28 қоғамдық орындарда алькоголді ішімдік ішу, 7470 жеке және қоғамдық автокөлік жүргізушілері тарпынан жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі және 5000-нан астам басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бар.