Оңтүстіктің полицейлері шағын футболдан Қазақстан чемпионы атанды

211
Оңтүстіктің полицейлері шағын футболдан Қазақстан чемпионы атанды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері шағын футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Осыған орай ішкі істер департаментінде өткен салтанатты жиында полиция генерал-майоры А.Оспанов жүлделі келген тәртіп сақшыларын марапаттады.

Оңтүстіктің полицейлері шағын футболдан Қазақстан чемпионы атанды

Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан республикалық турнир 19-25 сәуір аралығында Қызылорда қаласында өткен болатын. Жарысқа еліміздің құқық қорғау органдары және күштік құрылымдарынан жалпы саны 9 команда қатысты. Олардың ішінде ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсізідк комитеті, бас прокуратура және тағы басқа құрылымдар бар.

Оңтүстіктің полицейлері шағын футболдан Қазақстан чемпионы атанды

Оңтүстіктің полицейлерінен құралған футбол командасы сынға ішкі істер министрлігі атынан түсіп, жартылай финалда ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасын 8:0 есебімен жеңді. Ал финалда шекара қызметінің командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Ал бас прокуратура командасы 3-орынды иеленді.

Оңтүстіктің полицейлері шағын футболдан Қазақстан чемпионы атанды

Ал облысымыздың жол-патрульдік полициясы батальонының инспекторы, полиция сержанты Сағындықов Данияр турнирдің үздік ойыншысы атанды. Турнир қорытындысында барлық жеңімпаздар грамота, медаль, кубок және түрлі сыйлықтармен марапатталды.