Шетелдік 4 азаматтың мәйіті табылды

377

Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісовтың мәліметі  бойынша бүгін, 16 наурызда  таңғы сағат 09:22-де  Еңбекші ауданындағы  Қапал батыр мекенжайында орналасқан аяқ киім тігетін цехтың ауласындағы дүңгіршектің ішінде 4 адамның мәйіті табылған.

1 адам токсикология орталығына жеткізілген. Қайтыс болғандар Өзбекстан Республикасының азаматтары, осындағы объектінің қоқыстарын тазалау үшін жалданған. Қазіргі таңда, қайтыс болғандардың аты-жөндері және өлімнің не себептен орын алғанын полиция қызметкерлері анықтауда.

Қайтыс болғандар осы темір жәшікте от жаққан

Алдын ала  болжамдар: Газ баллоны пайдаланылмаған.

Шынар Оразова