Шымкентте жылу қымбаттауы мүмкін

169

Шымкентте жылу бағасы қымбаттауы мүмкін. Келесі жылыту маусымында оның құны 12 пайызға көтерілeді деп күтілуде. Бұл туралы облыс орталығында тарифке қатысты өткен қоғамдық тыңдауда мәлім болды.

жылу маусымыЖылу берушілер жаңа жылдан бастап тарифті 123 теңгеге қымбаттату туралы ұсыныс білдіріп отыр. Мұны сала мамандары мекемелердің бірігуімен байланыстырып отыр. Айта кетейік, биылғы маусымда шымкенттіктер жылудың әр шаршы метріне 109 теңге төлеп келген болатын.

Сарапшылар өңірдегі жылу бағасында өзге аймақтағылармен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ дейді. Сондай-ақ, тұтынушылардың есеп айырысуы да өз деңгейінде жүргізіліп отырғанына сендіреді. Жылуға борышкерлердің қарыз сомасы бүгінде 700 млн теңгеден асып жығылады. Оның 550 млн теңгесі наурыз айына тиесілі.