Чехияда Қазақстан әнұраны шырқалды

315
Тимурдың ендігі белесі Олимпиада ойындары

Байдаркамен каноэда ескек есу бойынша облыс тарихында алғаш рет Әлем Кубогі үшін таласта алтыннан алқа тақты. Тимур Хайдаров каноэда есуден 200 метрге жарыста жекелей қайықта сынға түсіп, үздік танылды. Бұл – олимпиадалық қашықтық болып есептеледі. Оның үстіне Тимур Риоға жолдама жеңіп алған ең жас ескекші болып есептеледі.

Тимур - Олимпиадаға жолдама жеңіп алған ең жас ескекші
Тимур – Олимпиадаға жолдама жеңіп алған ең жас ескекші

Жерлесіміздің бұл жеңісі байрақты сынаққа дайын екенінің айғағы. Әлем Кубогі үшін талас биыл Чехияда жалауы көтерілген болатын. Рачицада облыс қоржынына тағы бір жүлде салынған болатын. Күмістен алқаны да Тимур жеңіп алды. Екінші орынды ол командаласы Мерей Медетовпен бірге иеленді.

Тимурдың ендігі белесі Олимпиада ойындары
Тимурдың ендігі белесі Олимпиада ойындары

Сонымен қатар, оңтүстіктің ескекшілері Ұлттық құраманың сапында Германияда өткен Әлем Кубогінің алғашқы кезеңінде де жүлделі болды. Дуйсбургте Сергей Емельянов канода есуден 500 метрге жарысып, қола жүлдеге ие болды.

Әлем Кубогі үшін бұл сынақтар отандық ескекшілердің Рио Олимпиадасының алдында дайындығын пысықтауға жақсы мүмкіндік болып табылады. Естеріңізге салайық, ел тарихында алғаш рет оңтүстіктің 6 спортшысы Олимпиадаға лицензия жеңіп алған болатын. Әлем, Азия ойындарында алтыннан алқа таққан жерлестеріміздің ендігі белесі олимпиадалық медаль болып отыр.