Оңтүстікте жолаушыларға барынша жағдай жасалмақ

151
Оңтүстікте жолаушыларға барынша жағдай жасалмақ

Облыстағы барлық жолаушы тасымалдаушы компания өкілдері мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен үлкен жиын өтті. ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұттың төрағалығымен басталған жиналыстың күн тәртібінде облысымыздағы автовокзалдар мен автостанциялардың жағдайы және жолаушылар тасымалдаушы компаниялардың жұмысы, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайында мәселе көтерілді.

Оңтүстікте жолаушыларға барынша жағдай жасалмақ

Сонымен қатар облыстағы барлық автовокзалдар мен автостанцияларды ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру туралы, Шымкент қаласында орналасқан «Бекжан», «Самал», «Көктем», «Алаш» автовокзалдарының қызмет көрсету деңгейін максималды түрде жақсарту жөнінде және жолаушылар тасымалдайтын көліктерге бекітілген бағыт сызбасы мен кестелердің орындалуы жөніндегі деректерді нақты уақытпен көрсететін спутниктік навигация (GPS) құралдарымен жабдықтау жайы айтылды.

Оңтүстікте жолаушыларға барынша жағдай жасалмақ

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 8 автовокзал, 23 автостанция және 122 бағытта қатынайтын 695 автобус жолаушылар тасымалымен айналысатынын ескерсек, атқарылар жұмыс қыруар екені белгілі.
Жиын соңында сала мамандары жергілікті полиция қызметімен тығыз байланысып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалу керегі баса айтылды.