Úı ANONS Түркістан облысындағы барлық автовокзалдар уақытша жабылады

Түркістан облысындағы барлық автовокзалдар уақытша жабылады

 

Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы барлық автовокзалдар мен автобекеттердің қызметтері уақытша тоқтатылды.

Қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау үшін тұрғындарға барынша сақ болуға, арнайы масканы пайдалануға, гигиеналық талаптарды сақтауға шақырамыз.