Облыс әкімі тұралап қалған корғасын зауытында болды

516

Өңір басшысы бұрынғы қорғасын зауытының аумағында көшпелі жиын өткізді. Аталған кәсіпорын ең алғашқы қорғасынды 1934 жылы өндірген. Жалпы ауданы 120 гектар  болатын ескі өнеркәсіп орнының ғимараттары бүгінгі таңда жартылай қирандыға айналған. Облыс әкімі аталған аумақта кәсіпорындар мен жобалар құрып, зауыт маңын барынша пайдалану үшін облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық және туризм басқармасына және қала жетекшілігіне бір ай мерзім ішінде ұсыныс енгізуге тапсырма берді.

Сонымен қатар, ондағы инфрақұрылымды, теміржол стансасын, электр стансасын, кәріз жүйесі сынды өзге нысандарды барынша кәдеге асыруды жүктеді. Еске салайық, КСРО кезеңінде өндірілген қорғасынның 70 пайызы аталған өнеркәсіп орнының үлесінде болатын.