Шымкенттің аялдамаларында ақпарат тақтайшасы пайда болды

250
Шымкенттің алдамаларында ақпарат тақтайшасы пайда болды

Шымкенттегі жолаушылар аялдамаларында арнайы тақтайшалар орнату жалғасын тауып жатыр. Бұл жолы диспечерлік қызмет көрсету орталығының мамандары күн сәулесінен қуат алып, жолаушыларға электронды бағыт беретін тақтайша орнатты.

Шымкенттің алдамаларында ақпарат тақтайшасы пайда болды

Бұған дейін үш аялдамаға арнайы карта қойған болатын. Жаңа орнатылған тақтайшаға автобустардың бағытын қадағалайтын GPS қондырғыларын қосу жоспары да бар. Сала мамандарының айтуынша, бұл қондырғы Кореядан алынған, әрқайсының құны 300 мың тенгеден асады.