Шардара ауданының полицейлері 76 жастағы зейнеткерді тонаған екі күдіктіні ұстады. 32 және 29 жастағы екі жігіт Шардара қаласының 76 жастағы зейнеткерін тонап кеткен.
Тергеу барысында күдіктілердің алдымен бірге спиртті ішімдік ішкені анықталды. Әңгіме үстінде олар таныс қарияны тонауға сөз байласады. Содан кешке қарай жәбірленушінің үйіне кіріп, үй иесіне шабуыл жасаған.
Қарияның қолын қайырған екі жігіт күш қолдана отырып 200 АҚШ доллары және 100 мың теңгеден аса ақшасын тартып алып, қашып кеткен. Кейін ақшаны жаратып жіберіпті.
Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, қылмысты кодекстің 191-бабымен (тонау) іс қозғалды. Күдіктілер кепілдікпен үйлеріне жіберілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.