Астанаға азық-түлік керуені аттанды

293
Астанаға ауыл шаруашылығы керуені аттанды

Оңтүстік Қазақстан облысынан Елордаға Астана қаласы күніне орай ауыл шаруашылығы керуені аттанды. Онда жалпы құны 158 млн теңге болатын 374 тонна өнім бар.

Астанаға ауыл шаруашылығы керуені аттанды

Астана қаласында шілде айының 2-3 күндері өтетін жәрмеңкеде 50-ден астам оңтүстікқазақстандық тауар өндірушінің өнімдері сатылады деп күтілуде. Астаналықтарға мереке қарсаңында нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан 69 тонна ет пен ет өнімдері, 141 тонна көкөніс, 33 тонна жеміс-жидек, 17 тонна картоп пен 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат 25 мың дана жұмыртқа, 50 тонна бақша өнімдері мен тағы басқа 27 тонна өнім ұсынылады.

Бұл — өңірдегі аудан мен қалалардың Астанаға жасаған өзіндік тартуы дейді билік өкілдері. Осыған орай жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары жиналып, керуенді салтанатпен шығарып салды.