Ордабасы ауданында жеткіншек қырым қанды кезбесінен қайтыс болды

317
2 адам күдікпен ауруханаға жатқызылды

2 адам күдікпен ауруханаға жатқызылды

Оңтүстікте кене шаққан 17 жасар жеткіншек мерт болды. Қайғылы жағдай 13 маусым күні Ордабасы ауданында орын алған. Дәрігерлердің айтуынша, улы жәндіктен зардап шеккен науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген.

Соның салдарынан ауруы асқынып, ақыр соңы өліммен аяқталды. Қазір қайғылы жағдайға байланысты өңірде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, биыл кене шаққандардың саны былтырмен салыстырғанда үш есеге көбейген. Мұның себебін сала мамандары кеш басталған заласыздандыру жұмыстарымен байланыстырады.