Полицейлер жолаушы тасымалдайтын көліктерді тексерді

299
Жолаушылар көліктері тексерілді

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесе жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктерді тексеруге шықты. Рейд қаладағы «Көмеш бұлақ» базарынан бастау алды. Мұнда базар маңын тұраққа айналдырған қалааралық таксистер көп. Сондай-ақ, шағын автобус жүргізушілері де бар. Олардың бұл әрекеті заңсыз дейді жауаптылар. Өйткен, арнайы автовокзалға бармай, көше бойын аялдамаға айналдырып алған.

Шағын автобус жүргізушілері базардың ішінде тұрақта тұрмыз деп құжаттарын беруден бас тартты. Өздерінің әрекетін қорғаштап, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі жасады. Сондықтан, олардың жолын бөгеу үшін қаланың шыға берісіне тосқауыл қойылды.

Жолаушылар көліктері тексерілді

Тексеру барысында жекенің меншігіндегі кей шағын автобустардың құжаттары дұрыс еместігі анықталды. Сондықтан, ережені бұзған жүргізушілердің үстінен әкімшілік хаттама түзілді.

Жекенің меншігіндегі автобустар қандай да бір жол апатына себепкер болса, жауаптан жалтара алмайды. Өйткені, заң – ортақ. Оны сақтап, ережені орындау әрбір жүргізушіге міндеттелген. Ал жолаушы тасымалдайтын көлік жүргізушілеріне жүктелген жауапкершіліктің жүгі мүлдем ауыр.

Айта өтейік, жыл басынан бері Оңтүстікте жолаушы тасымалдайтын көліктердің қатысуымен 27 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан екі адам қаза болған. Тағы 25 адам түрлі дене жарақатын алды.

Ернар Балабеков