«Шымкент Ситидің» құрылысы басталды

300

Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірегей жоба – «Shymkent City» іскерлік және тұрғын үй кешені құрылыс жұмыстарының алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі жазады.

"Шымкент Ситидің" құрылысы басталды

– Шымкент келешектің қаласы атанады. Тек Алматы, Астанада ғана емес, Шымкентте де осындай жаңа жобалар дүниеге келетініне тұрғындарды сендіруіміз керек,- деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. – Бүгін қаламыздың әр тұрғыны осы бір тарихи сәттің куәгері боллатынына сенімдімін. Алдағы уақытта жазық далада барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген зәулім қалашық бой көтереді. Қала тұрғындары көшелері кең, ғимараттары еңселі осы қалашықпен мақтанатын болады. Бұл ретте жеке инвесторлар тарапынан қаржылық қолдаулар оң жемісін бере бастады.

"Шымкент Ситидің" құрылысы басталды

Еске сала кетсек, шаһардың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы мен сәулеті, кәсіпкерлік сынды салаларға ерекше  мән берілген.

"Шымкент Ситидің" құрылысы басталды

«Shymkent City» жобасы солардың жиынтық үлгісі деп айтуға болады. Бұл қалашық шаһар тұрғындары үшін барлық жағдай жасалынған әмбебап іскерлік және тұрғын үй кешені болмақ.