Шымкентте нан тағы қымбаттады. Бөлке нан дүкен сөрелерінде 50 теңгеге сатылып жатыр.
Бұған себеп бар дейді жауаптылар. Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің сауда секторының меңгерушісі Қайрат Базарбековтың айтуынша, қазір жеңілдікпен берілетін ұн таусылыпты. «Мұндай ұн кәсіпкерлерге жеңілдетілген бағамен беріліп келген еді. Енді наубайханашылар бөлке нанды 46 теңгеден сатып жатыр. Ал дүкендерде, тиісінше, 50 теңге тұрады» дейді меңгеруші.
46 теңге — шенеуніктер мен наубайханашылардың бірігіп есептеп шығарған бөлке нанның өзіндік бағасы. Енді келісімді меморандуммен бекіту ғана қалды дейді мамандар.