Шымкенттің қайырымдылары тобы жұмысын бастады

336
Шымкенттің мейірімділер тобы жұмысын бастады

Шымкентте қайырымдылықпен айналысатын тағы бір ұйым жұмысын бастады. Гүлмира Әбдірашова жетекшелік ететін қайырымдылық қорының үшелері алдарына зор мақсат қойып отыр.

Шымкенттің мейірімділер тобы жұмысын бастады

«Оңтүстік» қабылдау үйінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ауыз бекіткен жамағатқа арнап, ауызашар берді. Онда жайылған дастарханнан қариялар, зиялы қауым өкілдері, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері және БАҚ өкілдері, ұзын-саны 700-ден астам адам дәм татты. Ұлық мерекемен құттықтаған қала әкімі осы жиында клубтың филиалы ашылғанын атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шымкенттің мейірімділер тобы жұмысын бастады

Аталған қор көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер, жалғызілікті тұрғындарға қайырымдылық жасауды мақсат етіп отыр. Олар негізінен қаржы жинаумен емес, қайырымды азаматтардан азық-түлік, киім қабылдаумен айналысады.

Шымкенттің мейірімділер тобы жұмысын бастады

Екі апта бұрын клуб төрайымы қала әкіміне ұсынысын жеткізген болатын. Ғабидолла Рахматоллаұлы бұл ұсынысты қауана қабыл алды. Клубтың бүгінде Алматы, Астана, Қарағанды қаласында да филиалдары жұмыс істейді. Instagram парақшасының мекенжайы: club_dobryakov_Shymkent немесе Gulmira001.