ОҚО халқы Баян-Өлгейге гуманитарлық көмек жіберді

300
ОҚО-дан Баян-Өлгейге гуманитарлық көмек жөнелтілді

Оңтүстік Қазақстан облысынан төтенше жағдайдан зардап шеккен Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы қандастарымызға гуманитарлық көмек жөнелтілді. Осыдан он күн бұрын Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында орын алған жағдайға байланысты облыстың белсенді жастары өңір тұрғындарына үндеу жариялаған болатын.

ОҚО-дан Баян-Өлгейге гуманитарлық көмек жөнелтілді

Үндеуге үн қатқан алғашқылардың бірі болып облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өз тарапынан қолдау көрсетсе, облыс әкімдігінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды. Сонымен қатар әкімдік көлік мәселесін шешуге, кедендік құжаттарды рәсімдеуге және басқа да ұйымдастырушылық жұмыстарға қолдау көрсетті.

ОҚО-дан Баян-Өлгейге гуманитарлық көмек жөнелтілді

Шекараның арғы жағындағы қандастарымызға облыс кәсіпкерлерінің демеушілігімен 7 тоннаға жуық ұн, 1 тонна макарон, 1000 банк маринадталған қияр, 5000 дана шұлық және тағы басқа да азық-түлік тауарлары жолданды.

Бұдан бөлек облыс тұрғындарынан жиналған 3 млн теңгеге зардап шеккен 5 отбасыға үй салу үшін құрылыс материалдары сатып алынатын болады. Гуманитарлық көмекті Баян-Өлгей аймағына «Бізбен бірге» қоғамдық қорының төрағасы А.Аңдабаев өзі табыстап қайтатын болады.