Шымкентте бір көліктен екі қап есірткі табылды

427
Шымкентте бір көліктен екі қап есірткі табылды

Шымкент қаласында полицейлер жүксалғышына екі қап есірткі салынған автокөлікті тоқтатты. 19 шілде күні таңертең есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі мен жол-патрульдік полициясының қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар жүргізу барысында Ерімбетов көшесінің бойында Ауди 100 автокөлігінің құжаттарын тексеру мақсатында тоқтатқан.

Шымкентте бір көліктен екі қап есірткі табылды

Тәртіп сақшылары тексеру барысында жүк салғыштан осы көлікте келе жатқан 33 жастағы Қазығұрт ауданының тұрғынына тиесілі шөп тектес есірткі заты салынған екі қапты тауып, тәркілеп алды. Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың салмағы 9 келі марихуана екені анықталды.

Шымкентте бір көліктен екі қап есірткі табылды

Бүл жайт бойынша қылмысты кодекстің 296-бабымен іс қозғалды. Күдікті қамауда жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкентте бір көліктен екі қап есірткі табылды