Шымкент қаласындағы Даңқ мемориалында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы fссамблеясы ұйымдастырған «Ақ орамал» акциясы қорытындыланды.
Акция Елбасының Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне қолдай білдіру және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында өтті.
Онда облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ОҚО ҚХА аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова сөз сөйледі.