Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Досбол Сапардың отбасына жаңа үйдің кілті табысталды

448
Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Досбол Сапардың отбасына жаңа үйдің кілті табысталды

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Қазақстан ұлттық гвардиясының сарбазы Досбол Сапардың отбасына Шардара қаласынан 4 бөлмелі үйдің кілтін табыс етті. Бұл баспананы марқұм Досболдың шаңырағы деп білетінін жеткізген өңір басшысы осындай отаншыл ұлды дүниеге әкелген оның ата-анасына алғысын білдірді.

Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Досбол Сапардың отбасына жаңа үйдің кілті табысталды

Салтанатты рәсімге сонымен қатар ОҚО ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов, облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Балтабай Абылаев және Досбол Сапардың бауырлары мен туыстары, ішкі істер департаментінің жеке құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Досбол Сапардың отбасына жаңа үйдің кілті табысталды

Облыстық ішкі істер департаменті мен жерлігікті полиция қызметкерлерінің бір күндік жалақысына алынып, марқұм Досболдың отбасына берілген жаңа үйдің ауданы 138 шаршы метрді құраса, қосымша шаруашылық алаңшасы — 108 шаршы метр. Мұнан бөлек ортақ қаржыдан отбасы мүшелері үшін ірі қара мен ұсақ мал және тұрмыстық техникалар, компьютер мен қажетті жиһаздар алып берілді.

Еске сала кетсек, 1997 жылы туған Шардара ауданы Көксу ауылының тұрғыны Досбол Сапар Еркінбекұлы 2016 жылдың 5 маусымы күні Ақтөбедегі № 6655 әскери бөліміне жасалған қарулы шабуылдан қаза тапқан болатын.