Павлодар облысының әкімі бастаған делегация өндіріс орындарын аралады

238

павлодарШымкентке іс-сапармен келген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бастаған бір топ делегация алдымен ұлттық химия-фармацев­тика өндірісінің көшбасшысына айналған Шымкент химфарм зауытына ат басын бұрды. Айта кетейік, «Santo» халықаралық сауда белгісімен өн­дірілетін дәрі-дәрмектері бүгінгі күні Ресей, Қырғызстан,Тәжікстан, Түрік­менстан және Моңғолия секілді бес елдің нарығына экспортталады.

Ал «ЕвроКристалл» ЖШС күнделiктi тұрмыста пайдаланатын банкiлер мен алкогольдi, алкогольсiз сусын өндiретiн кәсiпорындарға керектi бөтелкелер шығарып отыр. Аз ғана уақыт ішінде жоғары сұранысқа ие болып отырған отандық өнімдер қазір көршілес елдерге экспортталуда. 200-ден аса адамды жұмыспен қамтып отырған бұл жоба да қонақтардың қызығушылығын арттырды.

Осылайша солтүстіктен келген мәртебелі меймандар өңірдегі бірнеше кәсіпорындарды арпалап шықты Алдағы уақытта тараптар ұзақ мерзімді жобаларды қолға алатын болды.