Қазақ-өзбек шекарасында заң бұзушы қолға түсті. Сарыағаш шекара бекетінің қызметкерлері 34 жастағы өзбек азаматын ұстаған.
Ол 20 қорап «Цефтриаксон» дәрісін, қорқорға арналған, салмағы 160 келі шегу ұнтағы мен ірі көлемдегі тұрмыстық химия өнімдерін тиісті құжаттарсыз алып жүрген екен.
Ұсталған азамат Қазақстаннан Өзбекстанға қарай жеке көлігімен өтпекші болған. Ал жүгін көліктің тіркемесіне салыпты. Қазір күдікті азамат полицияға тапсырылып, тексеру басталды.