Қазығұрттағы орталық емханада үш флюорография аппараты іске қосылды

648
Қазығұрттағы орталық емханада үш флюорография аппараты іске қосылды

Айтылған сыннан нәтиже шықты. Қазығұрт ауданындағы орталық емхана жұмысын жандандыруға кірісті. Мекеме басшылығы енді үш бірдей флюорография аппараты толықтай іске қосып, тұрғынарды ұзын-сонар кезексіз қабылдайды. Бұл құрылғылардың екеуі стационарлы болса, біреуі – жылжымалы. Емхана ұжымы науқастарды қабылдау кезінде кезек күтіп қалмауы үшін түрлі тәсілдерді қолданысқа енгізген.

Қазығұрттағы орталық емханада үш флюорография аппараты іске қосылды

Елбасының «Ұлт саулығы – ел саулығы» ұранын ұстанғандар Қазығұрттағы емханада енді бір емес, бақандай үш флюро аппаратын орнатты. Бұл науқандық әрекет емес. Мұғалімдер мен оқушылар мектепке баратын шақта кезексіз қабылдауға үлкен көмек болып отыр.

Қазығұрттағы орталық емханада үш флюорография аппараты іске қосылды

Бұдан бөлек, кезек күтудің күрделілігі де шешілген. Мәселен, Мәрия Сейітқұлова алдын ала жазылу арқылы дәрігерге көрінетін болған. Өйткені қазір емханада электронды жүйе мен екі бірдей телефон арқылы маманның қабылдауына келу жолы бар. Кейуана үшін бұл ыңғайлы да тиімді тәсіл.

Айта кету керек, қазір емхана маңынан қосымша құрылыс жоспарланып отыр. Бұл аудандағы халықтың өсіміне байланысты қолға алынатын ауқымды тірлік. Мамандар қосымша құрылыс пайдалануға берілген соң, бірқатар күрделіліктер толығымен артта қалады деп отыр.

Мақсат Жақсыбаев