Белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілер жауапқа тартылады

Белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілер жауапқа тартылады

Белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілер жауапқа тартылады. Жол ережесін сақтамаған азаматтар полиция қызметкерлерінің қырына ілікті. Өйткені түрлі жол-көлік оқиғаларының туындауына өз қауіпсіздігін ұмытқандар себепші болып жатады. Осыны ескерген тәртіп сақшылары ескерту белгілерін елемеген жаяу жүргіншілерді қатаң жазалауға көшті.

Белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілер жауапқа тартылады

Қырғы базар тұсында қаптаған көлік, жолда иінтірескен кептеліс. Қос бағыттағы жолды бөліп тұрған темір-бетондар мен ескерту белгілер де жаяу жүргіншілерге кедергі болар емес. Тұрғындар арнайы өткел бола тұра жүргізушілердің алдын орап, рұқсат етілмеген жолдың төтесінен алаңсыз өтіп жатыр.

Белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілер жауапқа тартылады

Тыйым салынған жерден өткен жаяу жүргіншілер өз өмірлеріне қауіп төндіріп, жүргізушілерге кедергі келтіруде. Мұның соңы көп жағдайда жол-көлік оқиғасын тудырады. Осындай олқылықтармен жиі кездесетін тәртіп сақшылары Әл Фараби аудандық әкімдігінің өкілдерімен бірлесе отырып, арнайы рейдке шықты. Жол ережесіне бағынбай, талапты орындамағандарға ескерту жасап, айыппұл салуға дейін барды.

Рейдтік шаралардың базар маңында өтуі тегін емес. Өйткені мұнда жол қозғалысы қиын, адамдар көп жүреді. Ал тұрғындардың қауіпсіздігі үшін екі жерасты өткелі салынған. Бірақ, жаяу жүргіншілер өткелден өтпек түгілі оның барын білмейтін болып шықты.

Марат Тәжбаев, Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары: «Аталған рейдттер тұрақты түрде өтіп тұрады. Өйткені заң бір, тәртіп барлығына бірдей. Оны орындамағандарға айыппұл салынады. Біздің мақсатымыз- жол-көлік оқиғаларының алдын алу, адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан мұндай шараларды міндетті түрде тәртіп сақшыларымен бірлесе ұйымдастырамыз».
Бұл жолы ұйымдастырушылар жол ережесін бұзғандарға тек түсіндіру жұмыстармен шектелді. Алдағы уақытта ескертуді елемегендерге айыппұл салынатын болады.