Емхананы еркін таңдау басталды

369
Емхананы еркін таңдау басталды

Өз емханаңызды таңдаңыз. 15 қыркүйектен басталған науқан бойынша кез келген азамат өзі қалаған медициналық мекемеге тіркеуге тұра алады. Ол үшін емделушінің емханадан шығу туралы талоны мен жеке куәлігі болуы тиіс. Бірақ, еркін таңдау науқаны тек 15 қарашаға дейін жалғасады.

Емхананы еркін таңдау басталды

Емхананы еркін таңдау науқаны жылда 15 қыркүйектен басталып, 15 қараша дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында қалаған медициналық мекемеге барып, тіркеуге тұруға болады. Бұл үшін жеке куәліктің болуы шарт. Осы құжат бойытша сіз таңдаған емханаңызға келіп, өтініш жазасыз. Сіздің сұранымыңыз екі ай қаралады.

Ғани Есенқұлов, бөлім меңгерушісі: «Науқан бойынша сіз кез-келген емханаға барып, өз таңдауыңызды жасайсыз. Еркін таңдау бойынша қызмет тек келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап көрсетіледі. Яғни, қазір келіп өтініш жазып қоясыз. Одан кейін сіздің өтінішіңіз бойынша келесі жылдың қаңтар айынан бастап қалаған емханаңызда медициналық қызмет көрсетіледі.»

Сондай-ақ, еркін таңдау қызметін үйден шықпай-ақ жасауға болады. Бұл үшін электронды кілтіңіз болуы шарт. Аталған қызметті пайдалану үшін бірінші кезекте

1. Электронды кілтіңізбен e-gov.kz сайтына кіресіз.
2. Мұнан кейін медициналық қызметтер мәзірін таңдаңыз.
3. Одан кейін тіркеуді басып,
4. Төртінші амалда өтініш білдіре аласыз. Мұнда көрсетіп қойғандай, өзіңіз туралы мәліметті енгізіп әрі таңдаған емханаңызды көрсетесіз.