Оңтүстікте 470 мың тонна дақыл жиналды

441
Оңтүстікте 470 мың тонна дақыл жиналды

Оңтүстік Қазақстан облысында жазғы дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толық аяқталды. Биыл облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді.

Оңтүстікте 470 мың тонна дақыл жиналды

Оңтүстіктің шаруалары 214,4 мың га жерге егілген масақты дәнді дақылдың әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнім жинады. Мәселен, Қазығұртта 42 мың га жерге егілген астықтан гектарына 26,5 цт, Төле би ауданы 20,6 мың га астықтың әр гектарынан 26 центнерден өнім алса, түлкібастық шаруалар 24,8 мың га алқаптан 25,2 центнерден өнім алған.

Оңтүстікте 470 мың тонна дақыл жиналды

Сонымен қатар, облыста дәндік жүгеріні ору науқаны басталып, 40,1 мың гектар жерге егілген жүгерінің бүгінде 3,3 мың га орылды. Оның гектарынан 42,4 цент, барлығы 13,8 мың тонна өнім жиналды. Ал 74 мың гектар жерге егілген мақсарының бүгінде 28,7 мың га орылып, одан 20,1 мың тонна өнім жиналып отыр. Алдын ала есеп бойынша диқандар әр гектардан 7 центнерден, жалпы 52 мың тонна өнім жинауды жоспарлауда. Жалпы алғанда облыста осы жылы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.