Оңтүстік Қазақстанның полицейлері Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлмен кездесті. Басқосуға ішкі істер департаментінің жеке құрамы жиналды.
Спортшы қызды керемет жеңісімен құттықтаған департамент бастығы, полиция полковнигі Жанат Сулейменов Жазираға «Динамо ДШСО — 90 жыл» медалін, теледидар және өзге де бағалы сыйлықтар тапсырды. Тәртіп сақшысы чемпионғасәттілік, спорттағы беделінің жарқын болуын тіледі.
Өз кезегінде Жазира Жаппарқұл полицейлерге алғысын білдірді. Кездесуден соң полицейлер спортшымен емін-еркін әңгіме құрып, естелік суреттерге түсті.