Сайрамның базары қоқысқа толы

255
Сайрамның базары қоқысқа толы

Сайрамдағы «Ынтық ата» базарында қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Бұған қоса сауда орнында санитарлық тазалық сақталмаған. Саудагерлер шыбын құжынаған жерде ет, салат, нан өнімдерін сатуда.

Сайрамның базары қоқысқа толы

Базардың ластанған аумағын әзірге бақылап жатқан ешкім жоқ. Ал сауда орталығының басшысы мұндай ретсіздікті жоймақ түгілі түсірілім тобына бір ауыз сөз айтуға жарамады.

Қаратау аудан әкімшілігіне қарасты базардағы ретсіздік қашан жойылары белгісіз. Ал жергілікті билік өкілдері Сайрамдағы «Ынтық ата» сауда орнын жекеменшік аумақ деп, өздерінің дәрменсіз екендерін алға тартуда.