Депутаттар мектеп асханасын тексеріп жүр

585

Оқушылар қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін алаңдаған қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің әрекеттері кәсіпкерлер тарапынан қарсылыққа ұшырады. № 20 мектеп асханасын жалға алған кәсіпкер қоғамдық кеңес мүшелерінен тексеруге рұқсат қағазын талап етіп әбігерге түсті. Бұған дейін №1,9,34,36 білім мекемелерінде болған кеңес мүшелері бұл ешқандай тексеру емес баланың дұрыс тамақтануына қажеттілікті анықтау мониторингі екендігін түсіндірді.

Өз құқығын жақсы білетін бұл кәсіпкердің міндеттеріне немқұрайлы қарайтындығын депутаттар бірден байқады. 1600 оқушы білім алатын мектеп асханасында ас алдында қол шаятын сабын жоқ. Осы шағын ғана асханада 102 оқушы тегін тамақтанады екен. Кәсіпкерге қажетілікті анықтап оқушылар дұрыс тамақтану үшін не істеу керектігін білу үшін мониторинг жасай келген қоғамдық кеңес мүшелеріне қарсылық білдірген кәсіпкер өз талабын қойып әбігерге түсті.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің әкімдікпен бірлесіп, мониторинг жүргізуіне балмұздақтан жаппай улану оқиғасы себеп болған. Алайда жұмысымызға кедергі келтірді деп шағымданған кәсіпкерлер ортақ іске қол байлау болды. Ал балаларының денсаулығына алаңдаған ата – аналар қадағалау болғаны дұрыс деп отыр.

Кәсіпкердің бұл қылығына көңілі толмаған депуттар сенімсіздік танытып, тексеру жүргізуге ұсыныс беретін болды.

Нұрлан Күдерұлы