25 жас «Үздік жастар» сыйлығының иегері атанды

708
25 жас «Үздік жастар» сыйлығының иегері атанды

Шымкентте білімді еңбекпен ұштастырған 25 жас «Үздік жастар» сыйлығының иегері атанды. Олардың қатарында дәрігер, ұстаз, спорт шебері мен өнерпаздар, БАҚ өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары бар. Мерекелік шарада жастарды  қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалыбеков арнайы құттықтады.

25 жас «Үздік жастар» сыйлығының иегері атанды

 

– Біздің  қала ұрғындарының 29 пайызын жастар құрайды. Биыл түрлі салалар бойынша  жеттістіктерге жеткен жастарға қала әкімінің премиясы алтыншы рет тапсырылып отыр. Ел ертеңі саналатын жастарға артылатын жауапкершіліктің жүгі салмақты. Біз сендерге сенеміз, – деді Қ. Қалыбеков.

Марапатқа ие болғандар арасында елдің намысын қорғап, көк байрақты көкке көтеріп жүрген  спортшыларымыз да бар. Соның бірі – 2016 жылы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлова.

25 жас «Үздік жастар» сыйлығының иегері атанды

Елдің үмітін арқалаған жастардың арасында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының редакторы Ақмарал Көпжасарова «Үздік жас қаламгер», «Айғақ» телеарнасының тілшісі Ұлдархан Уәлиханқызы Үздік жастар айдары» номинациясы бойынша марапатталды.  Сондай-ақ  «Байдың  балалары» көңілді тапқырлар командасы  да  үздік деп танылды.  Марапат иелері «Үздік жастар» сыйлығы өздеріне артылған үлкен сенім, зор жауапкершілік деп біледі.