Оңтүстікке Түркиядан дәрігерлер келді

254
Оңтүстікке Түркиядан дәрігерлер келді

Оңтүстіктің дәрігерлері жаңа туған нəрестелерге көрсетілетін неотальды ота қызметін жетілдірілуде. Бұл үшін Түркия елінен білікті мамандар Шымкентке арнайы келді. Бес күнге созылған оқу барысында шетелдік мамандар бес түрлі дәріс жүргізіп, біліктілікті арттыруға қатысқан әр медицина қызметкерінен сынақ қабылдады.

Оңтүстікке Түркиядан дәрігерлер келді

Түркиядан келген мамандар алғашқы күні жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетудің жаңа әдісін үйретуде. Бұл тәсілді шетелдік әріптестер өз елдерінде бес жылдан бері қолданып келеді. Өзге елден келген дәрігерлердің айтуынша, ең алдымен, шала туған нәрестенің денсаулығы туралы біліп, ақауы болса, оны дұрыс анықтау керек. Мұнан соң қажетті медициналық көмекті көрсетіп, өмір сүру мүмкіндігін арттыруға болады.

Оңтүстікке Түркиядан дәрігерлер келді

Бұл оқу курстарына бес жүзге жуық жергілікті ақ халаттылар қатысуда. Олар – облыстың қала және аудандарынан келген дәрігерлер мен мейірбикелер. Негізінен перзентхана және ауруханадағы жан сақтау бөлімінде жұмыс істейтін мамандар. Салаға жауаптылардың сөзінше, өңірде шала туылған және денсаулығында ақауы бар нәрестелердің саны жыл санап артып келеді. Сондықтан, неотальды ота жасау әрі реанимациялық көмек беру – сәби шетінеуінің алдын алудың бірден бір жолы.

Айта өтейік, бұл оқу курстарыы бес күнге созылды. Дәрістің соңында шетелдік дәрігерлер оқуға қатысқан әр қызметкерден емтихан қабылдап, біліктілігін арттырғаны жөнінде сертификат табыстады.

Лаура Мамырова