Көксәйекте мұқтаж жандарға тегін дүкен ашылды

503
Көксәйекте мұқтаж жандарға тегін дүкен ашылды

Көксәйек ауылында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін арнайы дүкен ашылды. Мұқтаж жандар мұнда азық-түлік пен киім-кешекті тегін ала алады. Ашылғанына бір ай болған дүкен сөрелерінде тағам мен тауар жеткілікті.

Көксәйекте мұқтаж жандарға тегін дүкен ашылды

Дүкенді ашқандар арнайы ас кәрзеңкесін дайындап, оған сүт, нан, ірімшік пен май секілді тағамдарды қосқан. Олар мұқтаж жандарға тәуліктік шекпен беріледі.

Дүкенге тауарды көпшілік жұмыла жинауда. Кейбірі киім-кешегін әкелсе, енді бір азаматтар азық-түлік жеткізуді өз мойнына алыпты. Бұған қоса дүкеннің жанынан балаларға арналған демалыс аймағы да ашылған. Жаңа жылда мұнда тегін концерт ұйымдастырылған.