Облыс бюджеті тұрақты комиссияларда талқылануда

257
Облыс бюджеті тұрақты комиссияларда талқылануда

Облыс бюджетінің бүйірі бұлтия түсті. Республикалық бюджеттен облыс қазынасына трансферт түсті. Бүгіннен басталған тұрақты комиссиялар отырыстарында облыс мәслихатының депутаттары осы қомақты қаржыны салаларға бөлуде.

Облыс бюджеті тұрақты комиссияларда талқылануда

Аумақтардың дамуы және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы әзірлеген құжаттың жобасын талқылады. 2017 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің есебінен 84 млрд 406 млн 951 мың теңгеге ұлғаюда. Бұл қаржының 67 млн теңгеден астамы қоғамдық тіртіп, қауіпсіздік, құқықтық, қылмыстық атқару қызметіндегі шығындарға жұмсалмақ. Ал 40 млрд теңгеге жуық қаражат денсаулық сақтау саласына бағытталмақ.

12 млрдтан астам теңге тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласының қажетіне бағытталуда. Қала, аудандардағы инфроқұрылым мәселелерін шешуге 955 млн теңгеден астам қаржы қарастырылады. Жалпы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы әзірлеген құжаттың жобасы тұрақты комиссияның мүшелерінің қолдауын тапты. Басты құжатты талқылаған халық қалаулылары сайлаушылардың наразылығын тудырған мәселелерге тоқталды.

Төлеби ауданынан сайланған депутат шенділердің жұмысын тексеру қажет деген ұсыныс айтты.

Айта кететін жайт, бұл құжат енді алдағы сессияның қарауына ұсынылып, бюджетке толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі 25 қаңтарда өтетін облыс мәслихатының кезекті сессиясында талқыланады.