Жаңа жыл түнінде Оңтүстікте 167 сәби дүниеге келді

494
Бір перзентханада 15-сәуір күні 15 бала туылды

Оңтүстікқазақстандық 200-ге жуық отбасы қос қуанышқа кенелді. Жаңа жыл түнінде Оңтүстікте 167 сәби дүниеге келді. Олардың 87-сі – ұл болса, қалғаны – қыз балалар. Арасында егіз босанған аналар да бар. Дәрігерлердің айтуынша, мереке түні дүние есігін ашқан сәбилер мен аналардың жағдайы жақсы.

Биылғы жаңа жыл Гүлмира Шуылбаеваның есінде қалады. Өйткені бұл мереке түнінде ол екі бірдей баланы дүниеге әкелді. Жасының үлкендігіне қарамастан азаматша жеңіл босанған. Қазір егіздердің де, ананың да жағдайы жақсы.

Жалпы 1 қаңтар күні облыстық №1 перинаталдық орталықта 30 сәби дүние есігін ашыпты. Олардың 16-сы ұл болса, қалғандары – қыз бала. Соның ішіндегі 4 нәресте жаңа жыл түнінде өмірге келген екен. Аналардың барлығы сәтті босанды дейді дәрігерлер. Алдыңғы қатарлары бүгін-ертең перзентханадан шығады.

Осылайша Оңтүстікте жаңа жыл күні 167 сәби дүиеге келген. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда демогрофиялық өсім байқалады дейді мамандар. 3 миллион халқы бар өңірде жылына орта есеппен 80 мың сәби дүниеге келеді. Бұл – Қазақстандағы шақалақтардың әрбір төртіншісі деген сөз.