Шымкентте студенттер арасында инновациялық идеялар байқауы жарияланды

493
Шымкентте студенттер арасында инновациялық идеялар байқауы жарияланды
Шымкентте студенттер арасында инновациялық идеялар байқауы жарияланды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерімен кездесу барысында айтты.
Шымкентте студенттер арасында инновациялық идеялар байқауы жарияланды
Шаһар басшысының айтуынша, байқау дарынды да талантты жастардың қабілетін арттырып, студенттерді ғылыммен шұғылдануға, сонымен қатар, өздерінің жобалары мен жаңа идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл байқауға кез келген студент қатыса алады.
Байқау 5 бағыт бойынша өткізіледі. Комиссия мүшелері әр сала бойынша үздік деген үш жобаны таңдап алып, әлеуметтік желілерде жариялайды. Ал жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталады. Байқау соңында олар өз жобаларын іске асыруға басшылық жасайтын болады.
Байқау 2017 жылы 1 наурыз бен 1 сәуірі аралығында мына тақырыптар бойынша өткізіледі:
1. Қазақстан Президентінің жолдауын қала xалқына түсіндіру бойынша үздік жоба;
2. Қоғамдық көліктердің жұмысын ұйымдастыру;
3. Шымкент қаласы туралы үздік бейнеролик;
4. Шымкент қаласындағы парктерді, шатқалдар мен жағалауларды тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
5. Бұқаралық спортты ұйымдастыру бойынша тиімді жоба.