Сот: «Алқа билерін іріктеуді оңтайландыру қажет»

412
Сот:

Оңтүстікте алқа билерін іріктеуді оңтайландыру қажет. Себебі, халық өкілдерінің қарауына ұсынылатын істер қатары көбейіп келеді.

Шымкентте өткен «Алқа билері соты – сот төрелігін жүзеге асырудың демократиялық институты» тақырыбында өткен конференцияға жиналғандар осылай дейді. Сот өкілдері алқа билеріне үміткерлерді іріктеу жұмысын жергілікті билік өкілдері сапалы атқаруы тиіс деп санайды. Айта кетейік, былтыр облыста алқа билерінің қатысуымен онға жуық іс қаралған. Бұл халықтың әлеуметтік институтқа сенім артуының көрінісі дейді судьялар.