Оңтүстікте Евро-5 үлгісіндегі зауыт салынады

267
Оңтүстікте Евро-5 үлгісіндегі зауыт салынбақ

Оңтүстікте Евро-5 үлгісіндегі зауыт салынбақ. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев ресейлік «Космос-нефть-газ» компаниясының президенті Иван Лачугин және қазақстандық «Саутс-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжановпен кездесті.

Басқосуда ресейлік және қазақстандық кәсіпкерлер бірлескен жоба әзірлеп жатқанын жеткізіп, Еуро-5 стандарты бойынша мұнай-химия комбинатын салу туралы ойларын айтты. Жоспар бойынша жаңа зауытта жылына 2 млн тонна шикізатты қайта өңделмек. Бүгінгі таңда сенімді серіктестер іздестіріп жүрген бизнесмендер әкімдік тарапынан жасалатын қолдаулар үшін аймақ басшысына алғысын білдірді. Айта кету қажет, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда байланысы 2016 жылы 13 млрд 583 млн. АҚШ долларын құрады.