Шымкентте Мақпал Жүнісованың ән кеші өтті

Наурыз 18-жұлдызында Шымқаламызға Мақпал Жүнісова ән кешімен келген болатын. «Аналарға тағзым» атты ән кешімен ел аралап жүрген әнші аталмыш концертті Тараз, Алматы қалаларында қойып үлгеріпті.

Шымкенттегі кешке халық Оңтүстік өңірдің түрлі аудандарынан жиналған. «Түркістан» сарайының ішінде бос орын болмады. Әнші шығармашылық кешінде әсем ән шырқап қана қоймай, халықпен сырласып, ағынан ақтарылды.

Елдің ерекше сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген ерке қыз басты табысын той-томалақтан табатынын айтып қалды. Сондай-ақ, қай өлкеде жүрсе де үлкендердің ақ батасын алуды парыз көретінін тілге тиек етті. Мақпалдың бұл тілегіне сүйсінген күнгейлік қариялар әншіге қолын жайып, ақ бата-тілектерін жеткізді.