Мақпал Жүнісова шығармашылық кешін өткізеді

Мақпал Жүнісова

Қазақстан Республикасының халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова 23-наурыз күні елордамыз Астана қаласында жеке шығармашылық кешін бермек. Аталған кеште әншінің соңғы шыққан жаңа әндерімен бірге, өнер сүйер қауымның кезінде жүректеріне жол таба білген әндері орындалмақ.

Әншінінің өз көрермендеріне жеткізер тағы бір жаңалығы бар.  Мақпал Естай Әлекеевтің әні мен сөзіне жазылған «Жан достарым» атты жаңа әнін жазып шықты.

Мақпал Жүнісова, әнші: «Астана қаласын таңдауда себебім бар. Аламаты қаласындағы Республика сарайының құрылысы аяқталмады».

Ал ертең Мақпал Қызылорда қаласына жол тартпақ. Ол жақта әншіні белгілі ағалары мерей тойға өнер көрсетуге шақырған екен.