Атхамбек Юлдашев Мәскеуде алғаш рет жеке шығармашылық кешін бермек

Атхамбек Юлдашев әнші

Шымкенттік әнші Атхамбек Юлдашев наурыз мерекесінде елордамыз Астана қаласында алғаш рет концерттік кеш берді.

«Халықтың көптеп жиналғандығы сонша маған кейбірі орнынан тұрып браво!браво! деп шапалақ ұрған кезде шабыттанғандығым сонша әнді бар сезіммен орындадым»,- дейді әнші Атхамбек Юлдашев.

Атхамбек Юлдашев әнші Азизамен

Мамыр айының басында Атхамбек Мәскеу қаласында алғаш рет концерттік кеш бермек. «Ол жақтағы қандастарымыздың бұрыннан сұрап жүрген өтініштері енді орындалғалы тұр»,-дейді әнші Атхамбек.

Атхамбек Юлдашев, әнші, ҚР мәдениет қайраткері:»Астанада концерттік кештерде өнер көрсетіп жатқанымда, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың өзі қолын бұлғап, басын игені мен үшін үлкен бақыт. Өз тындармандарымды шын жүректен жақсы көргендігім сонша, қашанда жаным көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын беруге дайын тұрады. Өзіңнен артылғанын жетім-жесірлерге бер деп ата-анам үйреткен болатын.Өздеріңізге белгілі жақында жарыққа шыққан фильмдерімнің көбісі осы ата анаға деген мейірімге, тәрбиеге жастарымыз үйір болсын деп шығардым».

Жақында «Бұл менің өмірім» атты жаңа фильм жарыққа шығады.  Осы туындыдан Атхамбек жайында толыққанды біле аласыздар. Ал мамыр айында әнші Мәскеу қаласында концерттік кеш бермек. Бұл  сол жақтағы қандастардың арнайы шақыртуы.

Отбасыма келер болсақ, аяулы жары Мәмләкәтім екеуі бақытты ғұмыр кешудеміз. Ұл қыздарынан тараған немерелері де бар. Уақыты болып жатса, Атхамбек Юлдашев немерелерімен уақыт өткізуге қашанда дайын.

Атхамбек жас өнерпаздарға да қол ұшын беруге даяр. «Егер мүмкіндік болып жатса, қаржы жағынан демеу берер едім»,-дейді әнші.