Түркістанда қорған сыртына этноауыл құрылды

992

Түркістан қаласында «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды. 

Думанды Наурыз той мерекесіне орай, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғаны сыртынан этноауыл құрылды. Этноауылда ұлттық нақыштағы киіз үй әбзелдерімен әрленген 12 қанатты 33 киіз үй тігілді.

 

Дастарханға ұлттық тағамдар: қазы-қарта, жал-жая, қымыз, шұбат, наурыз көже, құрт, ірімшік, сірне, қаймақ, бауырсақ, ши бауырсақ, жент секілді жеңсік астар қойылды.

Келушілер ежелгі қазақ ауылында қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптейтін түрлі шаралары мен ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстарды тамашалады. Жастар жағы алтыбақанда сайран салды.

Әз Наурыз мерекесінде 1 тоннадан астам палау дайындалып, 1 500 л Наурыз көже үлестірілді.