Қызғалтақ жұлып, сатқан азамат жазаланды

651
Қызғалтақ жұлып, сатқан азамат жазаланды

Оңтүстіктің полицейлері табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану бойынша 3 жайтты анықтады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 15 сәуір күні Қазығұрт ауданындағы Алматы-Термез тасжолы бойында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол Қызыл кітапқа енген қызғалтақты зааңсыз жинаған. Мұнысымен қоймай сатып жатқан жерінен қолға түсті.

38 жастағы азаматтан айғақ зат ретінде 16 қызғалтақ тәркіленді. Осы факті бойынша қылмысты кодекстің 339-бабымен (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) іс қозғалды.

Қызғалтақ жұлып, сатқан азамат жазаланды

Ал 16 сәуір күні табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Сарыағаш ауданында Келес өзені арнасында жер қойнауын заңсыз пайдаланып жатқан азаматты анықтаған. Рейд кезінде 52 жастағы кісінің экскаватор және жүк көлігімен құм аралас тасты тиеп жатқаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 334-бабымен (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.