Мақтааралда итальян аяқ киімдері шығарылады

439
Мақтааралда итальян аяқ киімдері шығарылады

Мақтааралда итальяндық аяқ киімдер шығарылады. Фабрика қуаттылығы жылына 1 млн жұп жазғы және қысқы аяқ киімдерді шығаруға жетеді. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолға алынған. Тауарларға Алматы, Астаны және Кызылор қалаларынан тапсырыстар түсіп жатыр дейді кәсіпкерлер.

Мақталы өңірдегі «Хаят» фабрикасында жұмыс қыз-қыз қайнап жатыр. Тәулігіне мұнда 12 мың жұп аяқ киім шығарылады. Ерлер мен әйелдердің үйге киюге ыңғайлы аяқ киімдері мен сәнді туфлилер, етіктердің бірнше түрі бар.

Кәсіпорын 2014 жылы іске қосылған. Кәсіпкерлер алдымен тек қытай құрал-жабдықтарында аяқ киім шығарған болса, қазір түрік технологиясымен жұмыс істейтін екінші бағыт іске қосылған. Заманауи қондырғы жұмыс күшін азайтып отыр дейді мұндағылар. Қазір бір ауысымда 18 адам жұмыс істейді.

Мақтааралда итальян аяқ киімдері шығарылады

Бас-аяғы үш жылдың ішінде фабрика тауарларына өз тұтынушыларын тауып отыр. Мырзашөл жерінде тігіліп жатқан бұл аяқ киімдерге Астана, Алматы, Кызылорда қалаларынан тапсырыс түсіп отыр. Үйге арналған сүйретпелер мен туфлилерді, етіктерді де жергілікті сауда нүткелерінде қоймай алып кетеді дейді кәсіпкер.

Бағасы да қолжетімді. Мәселен, қытай қондырғысында тігілген тәпішкелер – 280 теңге, Түркиядан алынған құрал-жабдықтарда тігілген аяқ киімдер 420 теңге тұрады. Баға айырмашылығын кәсіпкерлер шетелден алынған шикізаттың қымбаттығымен байланыстырып отыр. Оған қосымша құн салығы мен баж салығын қосыңыз. Шеберлер аяқ киімге қажетті шикізаттардың болашақта елімізде өндірілетініне сенім артады. Сонда тауарлар бағасы әлдеқайда арзандай түсер еді дейді бизнес өкілдері.

Мақпал Рысбаева