Úı Kompanııa jańalyǵy Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің 21 студенті Кэмбриджге аттанады

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің 21 студенті Кэмбриджге аттанады

Шымкенттің 21 студенті Кэмбриджге аттанады

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің студенттері Кэмбридж өңірлік колледжінде жеңілдікпен оқуға мүмкіндік алды. 1 сәуір күні өткен жиында бұл студенттерге арнайы сертификаттар табысталды. Бұл талапкерлер — ағылшын тілі пәнінен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған жастар.

Аталмыш іс-шараға Кэмбридждегі колледждің өкілі арнайы келді. Ол Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің студенттерін ағылшын оқу орнымен жақынырақ таныстырып өтті. Сондай-ақ, Испанияның Барселона қаласының белді оқу орнынан арнайы өкілі келген.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі басшылығының айтуынша, бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат — жастарды ағылшын тіліне жетік мамандар етіп әзірлеп шығару.

https://www.youtube.com/watch?v=l0pWy_od5gA