Оңтүстікте су тасуының алдын алу жұмыстары басталды

482
Оңтүстікте су тасуының алдын алу жұмыстары басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүруде. Көктемгі тасқын судың алдын алу бойынша аудан, қала әкімдіктері мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірлесе Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында, Сырдария өзенінде қауіптің бар-жоғы туралы зерттеу жұмыстарын атқарды.

Оңтүстікте су тасуының алдын алу жұмыстары басталды

Шардара ауданы Сүткент елдімекенінің 800 метр жеріне және өзен арнасына құм толтырылған 7000-ға жуық қап қойылып, оған 20 техника мен 210 адам жұмылдырылды. Бүгінде жаға бекіту ісі Отырар, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында да қарқын алған.

Оңтүстікте су тасуының алдын алу жұмыстары басталды

Мәселен, аталған аудан, қалалардағы тиісті мекендерге құммен толтырылған 300 мың қапшық қойылып, 467 адам, 60 арнайы техника және 10 жүзу құралдары дайындыққа келтірілді. Жергілікті атқарушы органдары Сырдария өзенінің арнасына Өзбекстаннан секундына жалпы көлемі 1500-ден 2000 м3/секундқа дейін су жіберілгенде болуы мүмкін су тасқыны жағдайын есептеген. Осындай тасқын судың алдын алу бойынша атқарылып жатқан Отырар ауданындағы жұмыстармен БАҚ өкілдері арнайы барып танысып қайтты.

Айта кету керек, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Қазгидромет» РМК орталығынан күнделікті мәліметтер алып, облыс аумағындағы көктемгі су тасқыны жағдайына мониторинг, болжау жұмыстарын тоқтаусыз атқаруда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі