Шымкенттегі көпқабатты үйлерде ыстық су тоқтады

543
фото: //ria.ru

2017-2018 жылғы жылыту маусымы басталғанша Шымкенттегі көп қабатты үйлерде ыстық су болмайды. Айта кетейік, қалада 220 үй орталық жүйеден ыстық су алады. Бұл жайында қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары хабарлады. Айтуларынша, №3 жылу-энерго орталығында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұған қоса «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы тарапынан осы жылу орталығына берілетін көгілдір отынға шектеу қойылған. Сондай-ақ, алдағы уақыттарда қаланың солтүстік бөлігіндегі жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі екен. Ал Нұрсәт шағынауданындағы 30 үйде ыстық су өшкен жоқ. Ол үйлердің тұрғындары суды жаңа жылу орталығындағы қазандықтан алады.

Нұрлан Жаңабай