Су басқан көше тұрғындары: «Каналдың жағасын көтеру керек»

383
Шымкенттегі ондаған үйді су алды

Шымкенттегі cу басқан аудандардағы жағдай бүгін біршама реттелді. Қазір Самал 3 шағынауданының тұрғындары су басқан ауласы мен қора-қопсысын балшықтан тазартып жатыр. Кешегі тасқыннан кейін аздап үрейіміз сейілді дейді халық.

Айтуларынша, Қошқар ата өзенінің буырқанған суы түнгі сағат екілер шамасында басылған. Ал төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жиналған суды түні бойы арнайы техникалармен сорыпты. Десе де тұрғындар алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін Қошқар өзенінің ауладан өтетін бөлігінің жиегін көтеру қажет дейді.

Нұрлан Күдерұлы