Үздік театр анықталды. Дәлірегі — «Театр көктемі – 2017» халықаралық өнер байқауы мәресіне жетті. Қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шаниннің 125 жылдығы құрметіне қолға алынған сайыстың бас жүлдесін (1 000 000 теңге) Астана жастар театры жеңіп алды. Бірінші орынды (700 000 теңге) Райымбек Сейітметов атындағы Түркістан сазды-драма театры иеленді. Жүлделі екінші орыннан (600 000 теңге) Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры көрінді.
Үшінші орынға (500 000 теңге) облыстық 2зіл-сықақ және сатира театры лайық деп табылды. Төрт күнге ұласқан халықаралық өнер бәсекесін 5 адамнан (Гүлнафис Мырзашева, Исмаил Дикилиташ, Құлбек Ергөбек және Нәсіпқаным Камалова) құралған қазылар алқасы бағалады. Төрағасы белгілі театр сыншысы Еркін Жуасбек.